«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 10 мамырдағы № 383 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 10 мамырдағы № 383 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12679 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында кадрлық болжамды жүзеге асыру әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2024 жылғы 10 мамырдағы
№ 383 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 998 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында кадрлық болжамды жүзеге асыру
әдістемесі
Демо – версия документа