«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығы (2025.14.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығы
(2025.14.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2024.06.03. № 211 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 23 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына, 7-бабының 2-тармағына, 29-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2017.22.11. № 765 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.28.03. № 228 бұйрығымен (2025 ж. 14 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау әдістемесі;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістері;
3) ҚР Ішкі істер министрінің 2024.06.03. № 211 бұйрығымен алып тасталды (2024 ж. 23 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кадрлық болжамды жүзеге асыру әдістемесі бекітілсін.
Демо – версия документа