«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 765 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 765 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12679 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістері;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістері»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістері (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында (бұдан әрі - ІІО) кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау тәртібі мен әдісін белгілейді.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Кәсіби құзыреттерді айқындау тәртібі мен әдістері»;
Демо – версия документа