«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес агенттіктермен Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелерінде өзара іс-қимылы бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 373 бұйрығы (күші жойылды)
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес агенттіктермен Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелерінде өзара іс-қимылы бойынша нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 373 бұйрығы
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 54 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 47) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 123) тармақшасына және Елбасының 2018 жылғы 28 қарашадағы VIII Азаматтық форумында берген тапсырмасының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес агенттіктермен Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелерінде өзара іс-қимылы бойынша нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Документ утратил силу
Демо – версия документа