«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы және «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес агенттіктермен Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелерінде өзара іс-қимылы бойынша нұсқаулықты бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 373 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 54 бұйрығы
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы және «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес агенттіктермен Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелерінде өзара іс-қимылы бойынша нұсқаулықты бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 373 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 54 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес агенттіктермен Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелерінде өзара іс-қимылы бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 373 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19279 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Демо – версия документа