(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БИРЖА САУДАСЫНЫҢ ҮЛГІ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚА...
Биржа саудасының үлгі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығы
(2019.03.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Биржа саудасының үлгі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы |
Т. Жақсылықов |
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015.25.11. № 727 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Сауда және интеграция министрінің 2019.03.09. № 30 бұйрығымен (бұр.ред.қара) үлгі қағида жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 280 бұйрығымен бекітілген
Биржа саудасының үлгі қағидалары
1-тарау. Жалпы талаптар
1. Осы Биржа саудасының үлгі қағидалары (бұдан әрі - Үлгі қағидалар) «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы 2-1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және биржалық және стандартталмаған тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезінде тауар биржасы мүшелерінің қызмет тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа