«Биржа саудасының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 727 бұйрығы
«Биржа саудасының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 727 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Биржа саудасының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған бұйрығымен бекітілген Биржа саудасының үлгілік қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
М. Құсайынов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
2015 жылғы «___» ________
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 727 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
Демо – версия документа