Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2012.24.02 № 77 ҚАУЛЫСЫ

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу, сондай-ақ орналастыру, айналысқа жіберу және жою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 77 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы және «Бағалы қағаздар рыногы туралы»2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу, сондай-ақ орналастыру, айналысқа жіберу және жою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2. Мынадай қаулылардың:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы агенттігі үшін пруденциалдық нормативтер және қаржы агенттігі мәртебесін жоғалту тәртібі туралы» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 251 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2449 тіркелген);

2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ұлттық Банк Төрағасы

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы

№ 77 қаулысына қосымша

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку