Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қаржы агенттігі үшін пруденциалдық нормативтер және қаржы агенттігі мәртебесін жоғалту тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 25 шілдедегі № 251 қаулысы (2010.03.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қаржы агенттігі үшін пруденциалдық нормативтер және қаржы агенттігі мәртебесін жоғалту тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 25 шілдедегі № 251 қаулысы

(2010.03.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 77 Қаулысымен күші жойылды

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қаржы агенттіктері үшін мынадай пруденциалдық нормативтер белгіленсін:

1) меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері - кем дегенде 1 миллиард теңге;

2) меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті - кем дегенде 0,08.

2. Меншікті капиталдың мөлшерін, меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициентін есептеу тәртібі осы қаулының 1-қосымшасымен айқындалады деп белгіленсін.

3. Қаржы агенттіктерінің пруденциалдық нормативтерді сақтауын бақылауды бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 131 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Пруденциалдық нормативтердi сақтауы мақсатында қаржы агенттігі есептi тоқсаннан кейiнгi бiрiншi айдың он бесінші күннен Астана уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешiктiрмей осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ресiмделген есептi тоқсаннан кейiнгi бiрiншi айдың бiрiншi күнiнiң басындағы жағдай бойынша пруденциалдық нормативтердi сақтау туралы мәлiметтердi, сондай-ақ бухгалтерлiк баланс және пайда мен зиян туралы есеп электрондық және қағаз тасымалдағышта уәкiлеттi органға ұсынады;

Электрондық тасымалдағыштағы есептер құпиялылығын және ұсынылатын деректердің түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдаланумен ұсынылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции