(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.29.03 № 309 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 309 Қаулысы
(2015.03.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 7 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 309 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2013.18.09. № 983 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2015.03.04. № 196 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1452 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 113-құжат):
Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану қағидасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өтінім беруші теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсат алу үшін құзыретті органға:
1) осы Қағидаға қосымшаның 1-нысанына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қолы қойылған және ұйымның мөрімен расталған өтінішті;
2) осы Қағидаға қосымшаның 2-нысанына сәйкес мәліметтер нысанын жолдайды.».
7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа