Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.29.03 № 309 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 309 Қаулысы

(2014.04.02. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 29 наурыздағы

№ 309 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

 

1. ҚР Үкіметінің 2013.18.09. № 983 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. «Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 584-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасында:

2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Газды жағуға рұқсат беруді (рұқсат беруден бас тартуды) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Қағидада көзделген барлық қажетті құжаттарды алған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жер қойнауын пайдаланушы газды жағуға рұқсат беру үшін мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға сұралатын рұқсат түріне байланысты осы Қағиданың 7, 8 және 9-тармақтарында көзделген құжаттармен бірге осы Қағидаға қосымшаның 1-нысанына сәйкес өтінім береді.».

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті органдардағы келісу мерзімі құжаттар түскен сәттен бастап жеті жұмыс күнінен аспауы тиіс.».

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку