(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СӘЙКЕСТІКТІ БАҒАЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ АККРЕДИТТЕУ ҚҰЖАТТА...
Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 Бұйрығы
(2020.05.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020.05.06. № 134-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-қосымшаларға сәйкес сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандары;
2) 13-14-қосымшаларға сәйкес аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Министр | В. Школьник |
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.01.06. № 462 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020.05.06. № 134-НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің
2008 жылғы 29 қазандағы
№ 430 бұйрығына
1-қосымша
Аккредиттеуге өтінім
________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің немесе оның құрылымдық бөлімшесінің атауы)
Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде ___________________________________
(сәйкестікті бағалау саласындағы қызмет бағыты)
____________________________________________ талаптарына сай мәлімделген аккредиттеу
(стандарттау жөніндегі құжаттың атауы)
саласына сәйкес аккредиттеуді/қайта аккредиттеуді сұраймыз.
Редакция документа
Демо – версия документа