«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 1 маусымдағы № 462 бұйрығы
«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 1 маусымдағы № 462 бұйрығы
«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағына, 16-бабының 3-тармағына, 20-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың типтік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5356 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2008 жылғы 3 желтоқсанда № 184 (1584) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрық осы бұйрыққа 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес 6-1, 6-2 және 6-3-қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрыққа 7, 8, 9 және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 10, 11, 12 және 13-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 11, 12, және 13-қосымшалар осы бұйрыққа 14, 15, және 16-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Демо – версия документа