(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Т...
Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 Қаулысы
(2021.19.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2019.22.05. № 307 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2041 жылға дейінгі кезеңге «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Ақтау теңіз порты» АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі;
2) «Оңтүстік» АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі;
3) «Павлодар» АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі;
4) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.
3. ҚР Үкіметінің 2018.04.12. № 802 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген
«Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2020.22.01. № 9 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа