«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 802 Қаулысы
«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 802 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 44-45-46, 302-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген қазақ тіліндегі «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 802 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 642 қаулысымен
бекітілген
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы»
арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және
нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты
деңгейі
Р/с № | Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы) | Өлшем бірлігі | Базалық кезең (2017 жыл) | 2021 жылға қарай қол жеткізу, оның ішінде | 2026 жылға қарай қол жеткізу, оның ішінде | ||
нысаналы индикатор | дағдарысты деңгей | нысаналы индикатор | дағдарысты деңгей | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде: | млрд. теңге | 49,7 | 196,1 | 55,7 | 316,1 | 67,7 |
1.1 | Шетелдік инвестициялардың көлемі | млрд. теңге | 9,69 | 124,8 | 12,4 | 220,8 | 22,08 |
Демо – версия документа