«Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 135 Қаулысы
«Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 135 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19679 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және бейрезидент банктер филиалдарының (бұдан әрі - банк) ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптарды орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;
4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Ақша-кредит саясаты департаменті (Шаймарданов Ж.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Демо – версия документа