Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 Қаулысы (2023.19.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 Қаулысы

(2023.19.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2023.27.11. № 87 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 19 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалар бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Ақша-кредит саясаты департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции