(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЙБІР ЖАРЛЫҚТ...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2018 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2012 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 457
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 94-құжат; 2003 ж., № 8, 79-құжат; № 49, 558-құжат; 2005 ж., № 32, 424-құжат; 2007 ж., № 3, 35-құжат; 2008 ж., № 38, 404-құжат; № 44, 495-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат):
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоса беріліп отырған:
1) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;
2) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.»;
2) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейімен толықтырылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа