(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ДЕКЛАРАЦИЯ (240.00-НЫСАН)...
Осы редакция 2024 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2020.20.12. № 1214 бұйрығымен 82, 83 - қосымшаларымен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Қаржы министрінің 2022.18.01. № 49 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.14.04. № 409 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.06.12. № 1235 бұйрығымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.30.06. № 724 бұйрығымен (2023 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) нысан жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 20 қантардағы
№ 39 бұйрығына 82-қосымша
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 20 қантардағы
№ 39 бұйрығына 83-қосымша
«Жеке табыс салығы бойынша декларация (240.00-нысан)» салық есептілігін жасау
қағидалары
(2023.15.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2022.18.01. № 49 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы «Жеке табыс салығы бойынша декларация (240.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленді және жеке табыс салығын (бұдан әрі - ЖТС) есептеуге арналған «Жеке табыс салығы бойынша декларация» салық есептілігінің нысанын (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны:
мүліктік кіріс, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан мүлікті өткізуден кіріс, сондай-ақ басқа да кірістер алған;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден кірістер алған;
резидент-еңбекші көшіп келуші;
жеке практикамен айналысатын;
Редакция документа
Демо – версия документа