«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 1235 бұйрығы
«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 1235 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (240.00-нысан) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (240.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидаларында:
14-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Салық кодексінің 363-бабына сәйкес салық төлеушінің жекелеген санаттары.
Торкөздер, егер салық төлеуші А, B, C, D және E жолдарында көрсетілген санаттардың біріне жатқан жағдайда белгіленеді:
А – мүліктік және басқа кірістер алған жеке тұлға (резидент-еңбекші көшіп келушіні қоспағанда);
В – резидент-еңбекші көшіп келуші;
С – жеке практикамен айналасатын адам;
D - Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар жеке тұлға;
Е - Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан мүлігі бар жеке тұлға».
Демо – версия документа