(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ДЕКЛАРАЦИЯ (240.00-НЫСАН)...
ҚР Қаржы министрінің 2020.20.12. № 1214 бұйрығымен 82, 83 - қосымшаларымен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 20 қантардағы
№ 39 бұйрығына 82-қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 20 қантардағы
№ 39 бұйрығына 83-қосымша
«Жеке табыс салығы бойынша декларация (240.00-нысан)» салық есептілігін жасау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жеке табыс салығы бойынша декларация (240.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленді және Жеке табыс салығын (бұдан әрі - ЖТС) есептеуге арналған «Жеке табыс салығы бойынша декларация» салық есептілігінің нысанын (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны:
мүліктік кіріс, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан мүлікті өткізуден кіріс, сондай-ақ басқа да кірістер алған;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден кірістер алған;
резидент-еңбекші көшіп келуші;
жеке практикамен айналысатын;
активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету бойынша міндеттеме туындайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарында ақшасы бар жеке тұлғаларға (СЕН 250.00);
активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттемесі туындайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның меншік құқығында жылжымайтын мүлкі, бағалы қағаздары, жарғылық капиталына қатысу үлесі бар (СЕН 250.00)
Салық кодексінің 19-бөліміне сәйкес бейрезидент жеке тұлғалар толтырады.
Редакция документа
Демо – версия документа