Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.01.06 № 731 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 731 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 1 маусымдағы

№ 731 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 618-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесінде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілетін еңбекке жарамсыздық парағы, ал ол жоғалған кезде - телнұсқасы жәрдемақыны тағайындау және төлеу үшін негіздеме болып табылады.»;

17-тармақта:

4) тармақшадағы «кезінде төленбейді.» деген сөздер «кезінде;» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін төленбейді.».

2. «Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жөніндегі үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1219 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 58, 830-құжат):

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку