Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТИПІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ СЕРТИФИКАТ Б...

Осы редакция 2019 жылғы 12 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.04.12. № 1151 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 26 маусымдағы

№ 730 бұйрығына 1-қосымша

 

 

«Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2018.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.28.01. № 100 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.28.12. № 945 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.28.01. № 100 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.28.12. № 945 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - күнтізбелік 15 (он бес) күн;

сертификаттың телнұсқасын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку