«Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 100 бұйрығы (күші жойылды)
«Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 100 бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 197-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11764 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 12 қыркүйекте № 174 (28652) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтінішін қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрi - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Мемлекеттік корпорация;
3) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
сертификат беру кезінде - 15 (он бес) күнтізбелік күні;
сертификаттың телнұсқасын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні;
Документ утратил силу
Демо – версия документа