(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ М.А. 2015....
Осы редакция 2016 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.04.12. № 1151 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 730 бұйрығына 1-қосымша
«Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2015.04.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтінішін қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Министрліктің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) ХҚО;
3) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
сертификат беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;
сертификаттың телнұсқасын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні.
ХҚО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді.
Редакция документа
Демо – версия документа