(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.30.06 № 549 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 Қаулысы
(2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2016 жылғы 16 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2007.27.09. № 852 (бұр.ред.қара); 2008.05.02. № 100 (бұр. ред. қара); 2008.07.04. № 325 (бұр.ред.қара); 2009.12.10. № 1562 (бұр.ред.қара); 2010.30.11. № 1298 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.26.07. № 857 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.03. № 358 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 549 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы, хатшы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Редакция документа
Демо – версия документа