(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.30.06 № 549 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 Қаулысы
(2008.05.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 7 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 549 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі
ведомствоаралық комиссиясының құрамы
ҚР Үкіметінің 2007.27.09. № 852 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.05.02. № 100 Қаулысымен (бұр. ред. қара) құрам өзгертілді
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі, төраға |
Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
Баймұратов Әбілхан Есенұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті директорының орынбасары, хатшы |
Шабдарбаев Амангелді Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Балиева Зағипа Яхянқызы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі |
Редакция документа
Демо – версия документа