«Жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 355 бұйрығына 3-қосымша) (2016.20.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.10.06. № 230 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.20.02. № 90 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 355 бұйрығына
3-қосымша
«Жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.20.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ереже
1. «Жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) бекітілген «Жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесінің тиесілігі туралы анықтама ақпарат (бұдан әрі - ақпарат).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініші;
«электрондық үкімет» порталы арқылы жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы сұрау салуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
Документ утратил силу
Демо – версия документа