«Аккредиттелген сынақ зертханаларына (орталықтарына) қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-1/55 бұйрығы (2020.12.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Аккредиттелген сынақ зертханаларына (орталықтарына) қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-1/55 бұйрығы
(2020.12.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 44 бұйрығымен 2022 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.12.10. № 314 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.12.10. № 314 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Аккредиттелген сынақ зертханаларына (орталықтарына) қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
А. Исекешев
2015 жылғы 3 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 3 наурыз
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.12.10. № 314 бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Документ утратил силу
Демо – версия документа