(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САРАПШЫ ҰЙЫМҒА ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫН ЖӘНЕ...
Сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-1/55 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
А. Исекешев
2015 жылғы 3 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 3 наурыз
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 4-1/55 бұйрығымен бекітілген
Сарапшы ұйымға* қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесі
Р/с № | Біліктілік талаптар мыналардың болуын қамтиды | Құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Редакция документа
Демо – версия документа