Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.14.07 № 797 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 797 Қаулысы

(2013.27.08. берілген өзгерістермен)

 

 Осы редакция 2015 жылғы 10  тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2013.27.08. № 863 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) ҚР Үкіметінің 2013.27.08. № 863 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) теңізде жүзу кітапшасының үлгісі;

3) дипломды растау үлгісі;

4) ҚР Үкіметінің 2013.27.08. № 863 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидасы;

6) Дипломдарды растауды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасының теңізшісі паспортының үлгісін (сипаттамасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 тамыздағы № 941 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 28, 317-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы теңізшісінің паспортын ресімдеу, беру, оның мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қарашадағы № 1134 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 42, 572-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Үлгісі. ҚР Үкіметінің 2013.27.08. № 863 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 14 шілдедегі

№ 797 қаулысымен

бекітілген

 

 

Теңізде жүзу кітапшасының үлгісі

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку