(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.14.07 № 797 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 797 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісі;
2) теңізде жүзу кітапшасының үлгісі;
4) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы;
5) Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидасы;
6) Дипломдарды растауды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының теңізшісі паспортының үлгісін (сипаттамасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 тамыздағы № 941 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 28, 317-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы теңізшісінің паспортын ресімдеу, беру, оның мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қарашадағы № 1134 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 42, 572-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 797 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісі
Редакция документа
Демо – версия документа