(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БИООТЫН АЙНАЛЫМЫ БОЙЫНША ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ҰСЫНУ ҚАҒИДАЛ...
Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығы
(2018.04.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2018.04.01. № 6 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 118 бұйрығымен бекітілген
Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну
қағидалары
1. Осы Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа