(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БИООТЫН АЙНАЛЫМЫ БОЙЫНША ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ҰСЫНУ ҚАҒИДАЛ...
Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 4 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 118 бұйрығымен бекітілген
Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну
қағидалары
1. Осы Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Биоотын айналымы бойынша қызметін жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша «Биоотын айналымының теңгерімі» биоотын айналымы бойынша декларацияны (бұдан әрі - декларация) аталған қызметті жүзеге асыру орны бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
3. Декларация мемлекеттік кірістер органына ай сайын есептіден кейінгі айдың 20 күніне дейін ұсынылады.
Редакция документа
Демо – версия документа