Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1192 Қаулысы (2016.18.10. берілген өзгерістермен)

Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1192 Қаулысы

(2016.18.10. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес және үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын және ол үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып айқындалсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі мақсаты және түрлері үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру болып айқындалсын.

3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің республикалық мүлкі есебінен қалыптастырылсын.

ҚР Үкіметінің 2016.18.10. № 594 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) қоғам жарғысының бекітілуін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне берілуін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции