Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 Қаулысы (2017.20.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 Қаулысы

(2017.20.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 444 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3. Мыналар:

1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;

2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;

3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции