Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 44 Қаулысы (күші жойылды)

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 44 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 25 шілдедегi № 517 Қаулысымен күші жойылды

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 260-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктері бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы 2 ақпандата

№ 44 қаулысымен бекітілген

 

 

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру

шарттары мен тетіктерін

 

1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру шарттары

 

1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру шарттары:

1) қаржы агентінің кредит беруге қатысу мөлшері жоба сметасы сомасынан 80 % (сексен пайыз) аспайды;

2) кредит беру жиырма жылдан аспайтын мерзім болып табылады.

2. Кредит беру ұлттық валютада жүзеге асырылады.

 

2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру тетіктері

 

3. Қаржы агенті индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын қаржы институттарының тізбесін жалпының назарына бұқаралық ақпарат құралында ақпарат орналастыру арқылы жеткізеді.

4. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруге қатысу үшін қаржы институты қаржы агентінің талаптарына сәйкестігін растайтын, тиісті өтінішпен және құжаттарымен қаржы агентіне жүгінеді, олардың тізбесі бас келісімде көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку