«Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын қаржы агенті арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 шілдедегi № 517 Қаулысы
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын қаржы агенті арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 шілдедегi № 517 Қаулысы
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктері;
2) «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын қаржы агенті болып айқындалсын.
2. «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 44 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Үкіметінің
2022 жылғы 25 шiлдедегi
№ 517 қаулысына
қосымша
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру
шарттары мен тетіктері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерінде (бұдан әрі – шарттар мен тетіктер) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;
2) қаржы агенті – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беруді іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
Демо – версия документа