Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылы 30 наурыздағы № 188 бұйрығы (күші жойылды)

Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылы 30 наурыздағы № 188 бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 330 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасы бекітілсін.

2. Келесілердің:

1) «Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 124 бұйрығының (2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6210 болып енгізілген, «Казахстанская правда» газетінде 11.11.2010 ж. № 303-305 (26364-26366) жарияланған));

2) «Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 294 бұйрығының (2014 жылғы 30 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 9817 болып енгізілген, «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында орналастырылған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспа басылымдарында ресми түрде жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку