Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 124 бұйрығы (2014.15.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 124 бұйрығы

(2014.15.10. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Әділет министрінің м.а. 2015 жылы 30 наурыздағы № 188 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Әділет вице-министріне жүктелсін.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Р. Түсіпбеков

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2010 жылғы 20 сәуірдегі

№ 124 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Сот сараптамалық зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Сот сараптамалық зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сот сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына сәйкес әзірленген және сот сарапшылары әзірлейтін және қолданатын сот-сараптамалық зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізудің тәртібін анықтайды.

2. Әзірленіп жатқан сот-сараптамалық зерттеулері әдістемелерінің мақсаты сот сараптамалары өндірісінің сапасын арттыруға және қылмыстық істерді ашу, тергеу істерінде және қылмыстық, азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сотта қарауда пайда болатын мәселелерді тиімді шешу, сондай-ақ ғылыми білімнің сот сараптамасы саласын дамыту болып табылады.

3. Әзірленіп жатқан сот сараптамалық зерттеулері әдістемелерінің міндеттері:

1) сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының және ғылыми қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу қызметін ретке келтіру және жүйелеу;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции