«Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 919 бұйрығы (2024.03.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 919 бұйрығы
(2024.03.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2024.15.11. № 380-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының мынадай:
1) «Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6276 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 28 тамызда № 351-352 26195 жарияланған);
2) «Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жана технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 14 тамыздағы № 250 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8650 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 5 желтоқсанда № 268 (28207) жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Демо – версия документа