Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 14 тамыздағы № 250 бұйрығы (күші жойылды)

«Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 14 тамыздағы № 250 бұйрығы

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 919 бұйрығымен 2019 ж. 11 сәуірден бастап күші жойылды

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6276 тіркелген, 2010 жылғы 4 қыркүйектегі № 233 (26294) «Казахстанская правда», 2010 жылғы 28 тамыздағы № 351-352 (26195) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесінде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. ТК мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу, жобалық-құрастырылымдық және технологиялық институттардың, құрастырылымдық бюролардың және ұйымдардың, өндірушілер мен тұтынушылардың, қауымдастықтардың (олар ТК қызметі саласында құрылған жағдайда), сондай басқа мүдделі тараптардың өкілдерінен тұрады.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. ТК құрамы мүдделі тараптардың өкілдерінің тең санын есепке ала отырып құрылады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген ТК мүшелері ТК Төрағасының келісімімен уәкілетті органға берілген жазбаша өтініш негізінде ТК құрамына кіреді және құрамынан шығады. Өтінішті қарастыру мерзімі берілген күннен бастап бір айдан аспауы керек.»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку