(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЫҚПАЛДАСТЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕДЕ «Б» КОРПУСЫНЫҢ МЕ...
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024.09.02. № 33 бұйрығымен 2-3-қосымшамен толықтырылды (2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 21 ақпандағы
№ 40 бұйрығына 2-3-қосымша
Осы редакция 2024 жылғы 1 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы уақытша Қағидалар мемлекеттік органдарда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізу (бұдан әрі - іріктеу) тәртібін айқындайды және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 2-тармағына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 23 тармағына сәйкес әзірленді.
2. Іріктеу ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің (бұдан әрі-жүйе) «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет-порталда жүргізілетін келесі кезеңдерді қамтиды:
1) жеке қасиеттерін бағалату;
2) жалпы конкурс.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) үміткер - Заңның 16-бабында көрсетілген талаптарға және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкескелетін, іріктеуге қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
Редакция документа
Демо – версия документа