«Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 Қаулысы (2023.27.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 Қаулысы
(2023.27.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2023.27.06. № 495 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Іс-қимыл жоспарын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
2) тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есеп беріп тұрсын.
ҚР Үкіметінің 2023.27.06. № 495 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлттық жобалау офисінің базасында жобалық басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде Іс-қимыл жоспарының жедел мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырсын.
4. ҚР Үкіметінің 2023.27.06. № 495 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2023.27.06. № 495 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Демо – версия документа