«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 Қаулысы (2025.18.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 Қаулысы
(2025.18.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 17 наурыздағы
№ 236 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Консультативтік-кеңесші органдарды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - Премьер-Министр), оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Үкімет Аппаратының Басшысы (бұдан әрі - Үкімет Аппаратының Басшысы) және Үкіметтің басқа да мүшелері басқарады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Премьер-Министрдің атына консультативтік-кеңесші орган құру туралы ұсыныспен Премьер-Министрдің орынбасарлары немесе Үкімет Аппаратының Басшысы өтініш жасай алады.»;
бесінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа