Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖУРГІЗУ ҚАҒИДАСЫН БЕКІТ...

Диагностикалық зерттеулерді жургізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 16-07/296 бұйрығы

(2020.22.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8 бабының 46-24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Диагностикалық зерттеулерді жүргізу қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Мамытбеков

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы 11 маусымдағы

№ 16-07/296 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Диагностикалық зерттеулерді жүргізу

қағидасы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.22.09. № 294 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида), Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 46-24) тармақшасына сәйкес әзірленген және диагностикалық зерттеулерді жүргізудің тәртібін анықтайды.

 

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.22.09. № 294 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-тарау. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу тәртібі

 

2. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу келесі кезеңдерден тұрады:

1) биологиялық және патологиялық материалдарды және ілеспе құжаттарды салыстырып тексеру және қабылдау;

2) зерттеулерді жүргізу;

3) қорытындысын беру.

3. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдау басқа арнайы есіктен және арнайы жасақталған (алыс-беріс) терезе арқылы атқарылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку