(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖУРГІЗУ ҚАҒИДАСЫН БЕКІТ...
Диагностикалық зерттеулерді жургізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 16-07/296 бұйрығы
(2016.09.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8 бабының 46-24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Диагностикалық зерттеулерді жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 11 маусымдағы
№ 16-07/296 бұйрығымен
бекітілген
Диагностикалық зерттеулерді жүргізу
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида), Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 46-24) тармақшасына сәйкес әзірленген және диагностикалық зерттеулерді жүргізудің тәртібін анықтайды.
2. Диагностикалық зерттеулерді жүргізудің тәртібі
2. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу келесі кезеңдерден тұрады:
1) биологиялық және патологиялық материалдарды және ілеспе құжаттарды салыстырып тексеру және қабылдау;
2) зерттеулерді жүргізу;
3) қорытындысын беру.
3. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдау басқа арнайы есіктен және арнайы жасақталған (алыс-беріс) терезе арқылы атқарылады.
4. Диагностикалық зерттеулерді жүргізуге арналған биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдайтын арнайы есіктен, ветеринариялық зертхананың маман қызметкерлері үшін кіруіне қолданылмайды.
Редакция документа
Демо – версия документа