«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 384 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 20 қазан
№ 384
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 20 қазандағы
№ 384 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
8-тармақта «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының құқықтық саясат саласындағы жұмысты үйлестіретін орынбасары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
мына жолдар:
«Бәшімов Марат Советұлы | - | заң ғылымдарының докторы, профессор, төраға (келісім бойынша)», |
«Лукин Андрей Иванович | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)» |
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
«Бәшімов Марат Советұлы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)», |
«Лукин Андрей Иванович | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)»; |
Демо – версия документа