«Аккредиттеу жөніндегі кеңес құру, оның құрамы мен ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 281-НҚ бұйрығы (2023.17.04. берілген өзгерістермен)
Аккредиттеу жөніндегі кеңес құру, оның құрамы мен ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 281-НҚ бұйрығы
(2023.17.04. берілген өзгерістермен)
«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Аккредиттеу жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Мыналар:
1) Кеңес құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Кеңес туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
Министр | Б. Сұлтанов |
ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің 2023.17.04. № 140-НҚ бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы 15 сәуірдегі
№ 281-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Аккредиттеу жөніндегі кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы, төраға;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің бас сарапшысы, хатшы;
аккредиттеу жөніндегі органның бас директоры (келісім бойынша);
стандарттау жөніндегі органның бас директоры (келісім бойынша);
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Техникалық реттеу департаментінің басқарушы директоры (келісім бойынша);
«Қазақстандық сәйкестікті бағалау органдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы (келісім бойынша);
«Техникалық реттеу және метрология жүйесіне қатысушылардың қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры (келісім бойынша);
«Тұтынушылар ұлттық лигасы» РҚБ президенті (келісім бойынша).
Демо – версия документа