(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АККРЕДИТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ҚҰРУ, ОНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН Е...
Аккредиттеу жөніндегі кеңес құру, оның құрамы мен ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 281-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Аккредиттеу жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Мыналар:
1) Кеңес құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Кеңес туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
Министр | Б. Сұлтанов |
Сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы 15 сәуірдегі
№ 281-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Аккредиттеу жөніндегі кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы, төраға;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің бас сарапшысы, хатшы;
Аккредиттеу жөніндегі органның бас директоры (келісім бойынша);
Стандарттау жөніндегі органның бас директоры (келісім бойынша);
Аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері (келісім бойынша);
Еуразиялық экономикалық одақ өкілдері (келісім бойынша);
Стандарттау Метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің өкілдері (келісім бойынша).
Сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы 15 сәуірдегі
№ 281-НҚ бұйрығына
2-қосымша
Аккредиттеу жөніндегі кеңес туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа